08 Қырқ 2021
Новости KZ КГУ "СШ имени Г.Мусрепова"

Мектепке жол акциясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» КММ-де  «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдасыру және өткізу жоспары бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілуде.

Іс-шара барысында АӘД пәнінің мұғалімі Серікқызы Дидар әлеуметтік жағдайы төмен отбасының баласы Қабдықалық Жанасқа сабаққа қажетті оқу-құралдар табыстады.

Байтоғас ауылының жеке кәсіпкері Тоқтағұлов Тұрсынғали әлеуметтік жағдайы төмен отбасының баласы 8-сынып оқушысы Арманқызы Шұғыланы спорттық киіммен қамтамассыз етті.

Байтоғас ауылының жеке кәсіпкері Қожамсейтова Бейбитгуль көпбалалы  отбасының баласы 10-сынып оқушысы Мадиярұлы Еділге спорттық спорттық аяқ-киім алып берді.

Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы С . Омарғазин әлеуметтік жағдайы төмен отбасының баласы Ерболатұлы Ілиясқа спорттық  киім мен спорттық аяқ киім табыс етті.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен көпбалалы және жартылай жетім  отбасының баласы Мадиярұлы Ералыға Қожахметов Қайрат Қабдешұлы спорттық киім табыс етті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар